Көпке белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт сенат депутаты болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА «stan.kz» ке сілтеме жасап.
Сүйінші хабарды тележүргізушінің өзі парақшасында хабарлады. «ҚР президентінің жарлығымен ҚР парламентінің сенат депутаты болып тағайындалдым», — деп жазды ол.
Әр жылдары бірнеше бағдарлама тізгінін ұстаған, телеэкранның көркіне айналған, көрерменге ой саларлық салмақты бағдарламаларды жүргізген Дана Нұржігіт ҚР парламенті сенатының депутаты болды.
Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіров сенаторлар болып тағайындалды,
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жүсіп Нұртөре Байтелесұлы және Шәкіров Асқар Оразалыұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып тағайындалды», — делінген сайтта.
Нуртөре Жүсіп — белгілі журналист және қоғам қайраткері.
Асқар Шәкіров бұған дейін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.