«Рухани жаңғыру – ұлттық өрлеудің ұлы күші!»

0 21

Елбасының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бұл – шын мәнінде, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтитындығымен бірегей. Оны қазіргі кезеңдегі және ұзақ мерзімді перспективадағы қазақстандық қоғам дамуының өзіндік идеалогиялық платформасы деп батыл айтуға болады. Бүгінде бұл бағытта ілкімді істер атқарылып, жүйелі жұмыстар жасалынуда.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың осынау Бағдарламалық мақаласында алға қойылған мақсаттар мен міндеттер негізінде 2 жылдың ішінде облыс орталығында ірі жобалар мен бастамалар легі талай белестерді еңсеріп, қыруар тірліктердің тамырына қан жүгіртті. Өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық, туған жерге деген құрмет сынды құндылықтарды сіңіре білді. Осы арқылы мақаладағы мақсат-міндеттер өз өміршеңдігін көрсете білд

Әрине, мақаланың өзі болашақты меңзейтіндіктен жастарға тікелей қатысты дүниелер көп айтылған. Сондықтан болар аталған мақаланың негізгі көзі жастарға ескерту, олардың санасына құю, алға жетелеу. Мақалада кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызы зор. Себебі білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр. Сандық Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Себебі ХХІ ғасырдың ұрпағы сандық әлемге етене енбесе, Кеңестік кезеңнің дәмін татқан буынның икемі бірден келе бермейді. Басты талап меңгеру. Қай жағынан келсе де кез келген саланы жіті меңгере отырып, жұмыс жасау.  Мақалада көрсетілген орындалу керек міндеттердің бәрі дерлік жастар алдында тұрған міндеттер. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу. Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық. Жастардың билікке келуі, олардың сауаттылығы мен ел басқарудағы әрбір міндеттері маңызды рөл атқарады.

Жалпы, осынау мақала аясында Тараз қаласында бірқатар жүйелі жұмыстар жасалып, ілкімді істер атқарылуда. Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру және жастар арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру мақсатында биылға барлығы 65 іс-шара бекітілген болатын. Аталмыш мақала аясында жұмыс жоспары бойынша Тараз қаласында орналасқан арнаулы орта оқу орындары мен мектеп-гимназияларында бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, 7 айдың қорытындысы бойынша 42 іс-шара өткізілді. Атап айтсақ, «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты TEDx форматында кездесу, «Алғысымыз бар қарттарға» атты қайырымдылық акция, «STREET WORKOUT» спорт алаңшасының ашылуы, «Көне Тараз» атты көрме, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі, «Ұлы даланың жеті фазасы» атты «дөңгелек үстел» отырысы, «Туған жердің тұлғасы» атты кездесу, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында аула ойыны, «Домбыра party!» атты акциялар өткізілді.               Сондай-ақ, ірі қолға алынған «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы аясында «TARAZ FILM SCHOOL» кино мектебінің түлектерімен деректі документалды кинолар, бейнеклиптар, әлеуметтік роликтер, барлығы 10-ға жуық түсірілді. Ағымдағы жылдың 11 маусым күні «Astana Park» кинотеатрында «Қайсар» көркем фильмінің тұсау кесері және кино мектеп түлектеріне сертификат табыстау рәсімі өткізілді.

Алдағы уақытта қала көлемінде бағдарлама мен «Ұлы даланың жет қыры» жобасын асырылуына зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен эно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізілетін болады және бағдарламалық мақала аясында жұмыстардың одан әрі жандандырып, жұмысты жүйелендіре беруіміз    қажет-ақ.

Жастар ресурстық орталығының директоры,

Қанатов Нұрлан Сатыбалдыұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.