Жамбыл облысында бостатылғандар бос жүрмейді

0 0

2017 жылдан бастау алған «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында түзеу мекемелерінен босап шыққан азаматтардың барлығы қоғам қатарына қайта қосылуына көптеген көмектер алуда. Аталмыш жоба Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шыққан Малченковқа қатысты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шараға Жамбыл облыстық Полиция басқармасының қызметкері және қалалық пробация қызметкерлері, әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілі, Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары шақырылды.

Жоба аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталғанның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуы, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Бостандыққа бет алған Малчанковқа тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жаднама берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.