Мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауын жолдады. Өзі тілге тиек еткендей, Елбасының сарабдал саясатының жалғасы іспетті бұл жолдау кемел келешегіміз үшін маңызды құжат болмақ, — деп пікір білдірді Талас ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас инспекторы Жалғас Кенжебаев. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауы маңызы мен мағынасы басым V бөлімнен тұрады. Жолдау жолдарына мән беріп қарайтын болсақ, аталған бес бөлім мен оның ішіндегі пункттер бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерін құрайды.
Өзім мемлекеттік қызметші болғандықтан V бөлімге тоқталуды жөн көріп отырмын. «Мықты аймақ, мықты Отан» деген атаумен берілген бөлімде Мемлекет басшысы барлық ауыл, аудан, облыс басшылары мен атқарушы орган қызметкерлеріне халыққа жақын болуды тапсырды. Бүгінгі таңда орын алып отырған салаға қатысты жағымсыз жайттарды да жасырмады. Бұлай жалғаса берсе, халық пен билік арасы алшақтап кететінін терең түсіндіре білді. Мен Президенттің бұл пікірімен толық келісіп, әріптестерімді халыққа жақын болуға шақырамын.