Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кәсіпкерлік саласында қамтып өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жолдауды қолдау және Жастар жылына орай кәсіпкерлік бастамасы бар жастарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасының 2 легі Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді біріншіден «Жас Кәсіпкер» /»Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және екіншіден кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.
Үшіншіден қалалар мен ауылдарда несиелерге/шағын несиелдерге кепілдік беру. Төртіншіден жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
Жоба қатысушылардың семинар-тренингтерге белсенді қатысып, креативті бизнес идеяларын тәжірибелі бизнес-тәлімгермен Молдашева Алтынай қалыптастырып, өз бизнес жоспарларын жасады. Сонымен қатар «Жас кәсіпкер» жобасына тартылған жетекші психолог Жумагулова Бекзада апай қатысушаларға жеке даму кеңесін, мотивация берді.
Қазіргі таңда «Жас кәсіпкер» жобасының 2 легінің оқуы аяқталды, Өз бизнес жоспарларын қорғаған 51 адамға сертификаттары салтанатты түрде табысталды. Жобалар аудан экономикасын көтеретін салаларғағ соның ішінде ауыл шаруашылығына, құрама жем өндіру, полиграфия қызметтеріне, шағын типография, сүт өнімдерін өндіру, тауық, бөдене, түйе тауық өсіру, шаштараз, сауықтыру орталығын ашуға арналған.
Алдағы уақытта қатысушылар 200 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттар байқауына қатысып, өз бағын сынап көреді.
Айта кетейік, Қазақстанда 2019 жыл – «Жастар жылы» деп ресми жарияланғаны белгілі. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алды.
«Жас кәсіпкер» – оқу жобасы ел ауқымында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау» жобасы аясында іске асырылатын болады. Мұнда іш пыстыратын дәрістер және ескірген деректерге орын жоқ. Шынайы кейстер және үздік бизнес-тренерлер ұсынған шеберлік сабақтар, сондай-ақ кәсіпкерлік ортаға терең бойлау бар.