Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде жазасын толық өтеген екі азамат еркіндікке бет алды

0 15

Бірнеше мемлекеттік басқару органдары, ҮЕҰ, қоғамдық бірлестік өкілдері кездесуге келіп, қоғам қатарына қайта қосылу мақсатында бірлесе жұмыс істейді. Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде атаулы іс-шара ұйымдастырылып, онда жазасын толық өтеген екі азамат еркіндікке бет алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазіргі таңда азаматтық қоғам мүддесін қорғау қатаң қолға алынуда. Оның ішінде сотталғандардың да конституциялық құқығын сақтау мәселесі басты назарда. Сондықтан өмірдің талайымен темір торға түсіп, жазасын өтеу барысы, түзелудің түп жолы, бостандыққа шыққан соң оңалу үрдісі өзге де іс-әрекеттер жіті жіктеліп, түрлі әлеуметтік бағдарламалар жұмыс істейді. Соның бірі «қақпа алдында кездесу». Қазір бостандыққа қадам басқан қамаудағыларды бұрынғыдай тек туыстары ғана күтіп алмайды.

Кездесуге пробация қызметі, жұмыспен қамту орталығы, ҮЕҰ, бейімделу орталығының мамандары қатысып, әр сала бойынша кеңес берді. Бостандықта бос жүрмей жаңа мамандық иесі атануға, кәсіп ашып нәсібін айыруға, бірқатар мекемелерге жұмысқа орналасуға, медициналық, құқықтық,әлеуметтік көмектерге жүгінуге болатындығын айтты.

Сонымен қатар алғашқы күн көріске мемлекет тарапынан қаржылай көмек те тағайындалғанын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.