Балалар құқығы басты назарда «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған балалар құқығын қорғау кеңесінің мүшесі Рысты Жұмабекова жетекшілік ететін республикалық жұмыс тобы кешегі күні Жамбыл ауданына іс-сапармен келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ауданға ат басын тіреген республикалық жұмыс тобы аудандағы білім беру, денсаулық сақтау салаларының мекемелерін сараптап шықты. Жалпы, ауданымызға жасаған іс-сапар барысында , балалар құқығын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді.