Жамбыл облысында «Дені саудың- тәні сау!» атты волейболдан жарыс өтті

0 5

Жамбыл облысында «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ-де «№51 Бәйтерек бастауыш партия ұйымының» қолдауымен «Дені саудың- тәні сау!» атты қағиданы ұстана отырып , қызметкерлер арасында бөлім аралық волейболдан жарыс өткізілді, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жарыстың өткізілу мақсаты  қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, спортпен айналысуға және өзара қарым-қатынастарын нығайту және белсенділікке пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу болып табылады.

Жарыстың бастамасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранмен бастап, арнайы бас төреші сайланды. Жарысқа әлеуметтік бөлімнен «Сұңқар», медицина бөлімінен «Барыс», «Қызғалдақ» және шаруашылық бөлімінен «Тұлпар» топтары қатысып, тартысты жарыс болып өтті.

Ойын нәтижесінде 1-ші орынды «Сұңқар» тобы , 2-ші орынды «Барыс» тобы, 3-ші орынды «Тұлпар» тобы иеленіп, жүлделі орындар мен кәсіподақ тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.