Бүгінгі таңда «Jas Otan» Жастар қанатының облыстағы 145 бөлімшесінде 14220 мүше тіркелген. 2019 жылы осы күнге дейін 674 жасотандықпен толықты. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев өз баяндамасында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Биыл «жасотандықтар» түрлі форматтағы 103 шара ұйымдастырып, оған 3 200-ден аса жастар қатысты.
Ағымдағы жылы «Jas Otan» Жастар қанаты 3 жоба аясында («Жастар – Отанға!», «English for Jastar», «Bilim Ortalygy») жұмыстар атқарды.
«English for Jastar» жобасы аясында 6 ауылдық округте 471 бала ағылшын тілінен факультативті білім беру курстарынан өтті. Қазрігі уақытта жобаны жүргізуге Оңтүстік Корея «Gyeongnam» ұлттық ғылым және технология университетінен келген оқытушылар факультативті білім беру жұмыстарын жүргізуде.
«Bilim Ortalygy» жобасы аясында Тараз қаласы мен 10 ауданда кітапханалардан 16 білім беру орталықтары ашылып, жастардың қолдануына берілді.
Ал «Жастар – Отанға!» жобасы аясында Тараз қаласы мен 10 ауданда лагерлер, флешмоб, акциялар мен түрлі конкурстар өткізілуде.
Сондай- ақ «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен облысымыздағы екі мемлекеттік жоғарғы оқу орында таза сессия акциясы аясында 8 сенім жәшіктері орнатылды.
«Ауыл береке» базарында жастарға кеңес беретін «Кеңес беру» орталығы ашылды. Орталықта 18 саланың мамандары кеңес беретін болады.
Айта кетейік, 2025 жылға дейінгі «Jastar – Otanǵa!» атты «Jas – Otan» Жастар қанатының бағдарламасы әзірленуде. Бұл бағдарлама аясында барлық санаттағы жастармен кездесулер өтіп, көтерген мәселелерге байланысты бағдарламаның негізі жасалатын болады.