Жамбыл облысында «Екі жұлдыз» атты ән байқауы өтті

0 8

«№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы»КММ-де «№51 Бәйтерек бастауыш партия» ұйымының қолдауымен жоспарға сәйкес орталық тұрғындары мен қызметкерлер арасында «Екі жұлдыз» атты ән байқауы өтті, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мерекелік іс-шара өткізу мақсаты әрбір орталық тұрғындарының бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту, қызметкерлермен бірге өзін сахнада еркін ұстауға үйрету. Сонымен қоса өнерге деген қызығушылығын, өмірге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға бөлімдер бойынша 11 қызметтер алушылар мен әлеуметтік сала мамандары қатысты. Сайыс барысында қызметтер алушылар қызметкерлермен бірігіп жұп болып өнер көрсетті. Белсене ат салысып, әуезді әнді ырғағына сай орындап, дүйім жұртқа паш еткен Орталық тұрғындарына жүлделі орындар беріліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.