«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында кезекті сүйемелдеу келісім шартына қол қойылды

0 0

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттгінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті еліміздің кәсіпкерлері мен инвесторланын қолдау, жемқорлықтан қорғау шараларының бірі «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында «ТаразКожОбувь» ЖШС-мен кезекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісім шартқа отырды , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

«ТаразКожобувь» ЖШС Былғары және былғары аяқ киімнің ірі өндірушісі болып табылады.

Атап айтатыны, қазыргі таңда Департамент жергілікті және шетелдік инвесторлармен және кәсіпкерлермен, жалпы соммасы 374 млрд.теңгеден астам 31 келісімге отырды.
Кәсіпкерлік пен инвестицияларды қорғау Департаменттік басым бағыттарының бірі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.