Қарттарын қадірлеген ел ардақты

0 3

Ағымдағы жылдың 4-наурызында, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктер өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Концерт шымылдығын мың бұралған «Үкілім-ай» би ансамблі қазақ биімен ашып, тәжік этномәдени бірлестігінің жас әншісі Тоқтамышов Мырзабобыр «Мама, мама, мой рай!» әнімен жалғады.

Іс-шара барысында «Ритмы гор», «Үкілім-ай» би ансамбльдері түрлі этностардың билерін орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Дәулетбаев Фатих «Анашым» әнін орындап жүректерге жылу ұялатса, Боранбаев Алишер «Журавли», «Әдемі-ау» әндерін шырқап, көрермендердің ықыласына бөленді.

Жастық шақтарын еске алған қарттар әншілерге қосылып ән шырқап, би де биледі.

Қарттар үйінде тұрып жатқан Айдарбеков Жорабек өз сөзінде: «Бүгін біздер үшін мейірімділік пен қуаныштың мерекесі. Осындай мерекені ұйымдастырып отырған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына көп алғыс айтамыз!. Әсіресе, жастарымыз бізді қуантады. Қарттар үйінде бізге қолайлы жағдайдың барлығы жасалған,таршылық көрмейміз. Бізге керегі тек сіздердің әуезді ән айтып, би билеп, бізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандарыңыз. Әсерлі әндерді тыңдап, билерін тамашалап отырып, өмірдегі қиын кезеңдеріңді ұмытып та кетесің. Әлі де өмір сүргің келіп кетеді.», — деді.

Сонымен қатар, Жорабек қария ұйымдастырушыларға мерекелік іс-шараға жиналған көрермендер атынан алғысын білдіріп, осындай кездесулер жиі өткізсін деген ұсынысын айтты.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жансая Сабыр

Leave A Reply

Your email address will not be published.