Пилоттық жоба-ауылды дамытудың жарқын жолы

0 4

Жамбыл облысында қанат қақты жоба атанған «Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту»
пилоттық жобасы аясында ағымдағы жылы Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құмарық ауылдық округіне 797,2 млн. теңге қаржы бөлінген , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Оның ішінде үй іргесін тиімді пайдалануға 14,8 млн. теңге, мал шаруашылығын дамытуға 229 адамға 676,8 млн. теңге, 1 адам өз кәсібін ашуға 8,5 млн. теңге, мал азығын дайындауға 7,1 млн. теңге, 17 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алуға 89,9 млн. теңге бағытталған.
Бүгінгі күнге несие алған ауыл тұрғындары 7156 бас мал алып, мал басын арттыруға бет бұрды, жоспар 102,0 пайызға орындалды. Ауыл азаматтарының бастамасымен үй іргесіндегі 54 гектар алқап жыртылып, сарымсақ, картоп дақылдары егілді.
Мал азығына қажетті 284 га арпа, 630 га бидай, 139 га көп жылдық шөп егілді.
Аграрлы ауданның әкімі Е.Садырқұлов пилоттық жоба аясындағы көктемгі дала жұмыстармен танысты.
Үй іргесіне егілген көкөніс дақылдары мен мал азығына арналған жоңыршқа алқабын аралап көріп,жағдаймен танысты.
«Құмарық Тау»кооперативінің базасы болатын аумақты көріп,бірқатар мәселелерді талқылады.
Өнім өндірудің тиімді тәсілдерін қарастыру, суғару, өнімді күтіп-баптау, жұмысты сапалы ұйымдастыру бағытында сала мамандарымени пікір алмасты. Пилоттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыспен қатар, ауылда шешімін тапқан ауыз су мәселесі бойынша жасалып жатқан жұмыстарды көрді.
Құмарық ауылынан Алғабас ауылына 2500 км шақырымға тартылатын ағын су жүйесінің жұмысымен танысты.Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 23 млн. тг қаржы қарастырылған.Бөлінген қаражаттың сапалы әрі тиімді жұмсалуына қоғамдық бақылау болатынын ескертіп,сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Нәтижелі жұмыстар болса, ауыл тұрғындарының әлеуетін арттырып,шағын кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылмақ.Бұл -ауылдың әр тұрғынының өмір сүру сапасын жақсарту кепілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.