Биыл Тұрар Рысқұлов ауданының бірнеше ауылына ауыз су беріледі

0 10

Биыл Тұрар Рысқұлов ауданының бірнеше ауылына ауыз су беріледі , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Аудан аумағында биыл халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды шаралар қолға алынуда. Ауданның шалғай ауылдарында ауыз су мәселесі өзекті екені белгілі.

Көпшіліктің көкейінде жүрген, ауыз су проблемасы жылдар бойы шешімін таппаған ауылдардың бірі-Өрнек ауылдық округіне қарасты Әбжапар ауылы. Биыл өзге 8 ауылмен бірге ауыл халқы таза ауыз сумен қамтылады. Бұл мақсатқа қаражат бөлініп, су құбыры құрылысы жұмысы басталып кетті.

Құрылыс жұмыстарымен айналысатын мердігер компания-«ТаразИрригация»ЖШС-і,авторлық қадағалаушы «ЛидерПроект Дизайн»ЖШС-і.
Қазіргі таңда ауыз су құрылысының алғашқы қадасы қағылып,ауыл ішінде қызу жұмыс басталды.
Ауыз суы үлкен мәселеге айналған ауылдың өзекті проблемасы өз шешімін табар күн алыс емес.
Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Е.Садырқұлов сала басшыларымен бірге Әбжапар ауылына барып, мердігер компания басшыларымен кездесті.

Бөлінген қаражаттың тиімді жаратылуы,сапалы жұмыс атқарылуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеп,халық игілігі үшін атқарылатын жұмысқа бақылау көп болатындығын ескертті. Ауыз су құрылысын жүргізуге қатысты сала басшыларымен бірқатар мәселелерді талқылады.
Айта кету керек,биыл ауданда 8 елді мекен тұрғындары үшін таза ауыз су құрылысы жүргізіліп,ауқымды жұмыс жүзеге аспақ.Бұл туралы алдағы уақытта егжей-тегжейлі жазылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.