Бесағаштық тұрғын Израильдік сурау жүйесін енгізді

0 0

Бесағаш ауылының тұрғыны Саят Ғарифуллаев үй іргесіндегі 6 соттық картоп дақылына Израильдік ұзақ мерзімді ирригациялық суландыру жүйесін енгізіп, заманауи технологияның игілігінен мол өнім алуды жоспарлап отыр , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Израильден шыққан суару жүйесінің жалпы құны 10 соттық жерге 177 400 теңгені (400 АҚШ доллары) құраса, 5 жылға дейін пайдалануға болады екен.

Бүгінде тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жоба Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылдық округінің тұрғындарына жаңа мүмкіндіктер беруде.

Себебі, қанат қақты жоба арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, мал шаруашылығын дамыту мен үй іргесіндегі жерлерінен мол өнім алуды көздеген ауыл тұрғындары бұл жұмыстарға білек сыбана кіріскен.

Жалпы Бесағаш ауылдық округінде 1176 аула болса, үй іргесіндегі жерлерді пайдалану бағыты бойынша 1117 аула қамтылған. Бүгінгі күні осы аулалардың иелегіндегі 155 гектар жер жыртылып, 747 ауланың 20 гектарына пияз, 7 гектарына картоп, 6 гектарына жүгері, 1,15 гектарына сарымсақ (34,2 га) егілген. Сондай-ақ, ауылдық округте жалпы құны 16,8 млн. теңгені құрайтын, аумағы 17,6 соттық 2 жылыжайдың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бесағашта жобаның екінші бағыты мал шаруашылығын дамыту бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 275 тұрғынға 4752 бас мал сатып алу үшін 860,1 млн. теңге несие берілсе, 246 тұрғын 712,3 млн. теңгеге 4483 мал (543 бас МІҚ, 1155 бас жылқы, 1385 бас ұсақ мал, 1400 бас құс) сатып алып, мал шаруашылығын дамытуға өз үлестерін қосуда.
Сонымен қатар, ауыл сыртындағы жерлерді тиімді пайдалану бағытында 1335 гектар жер толық жыртылып, 1067 гектарға дәнді масақты дақылдар мен көпжылдық шөп егілген.
Үй іргесі мен ауыл сыртындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатындағы жұмыстарды жүргізу үшін ауылдық округте «Іске сәт» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, оған 13,3 млн. теңге қаржы аударылған. Сондай-ақ, жобаның төртінші бағыты бойынша 100,7 млн. теңгеге 22 дана әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары алынған.
Ал, жобаның бесінші бағыты бойынша өз кәсібін ашуға ауыл тұрғынан түскен 1 жоба (кондитерлік цех) 1,9 млн. теңгеге қаржыландырылып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.