Талас ауданында мобильдік топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

0 3

Талас ауданында мобильдік топ мүшелері ауданда барлығы 471 нысанды тұрақты аралап, ақпараттандыру — ағарту жұмыстарын жүргізуде,  — деп хабарлайды  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жұмыс барысында 7000-нан аса көрнекілік құралдар брошюралар, листовкалар таратылды, көрнекі орынға 17 билборд және 950 плакаттар ілінген. «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында 16, «Прокуратура ескертеді» тақырыбында 3 билборд ілінді.

«JambylTV» телеарнасында 6 сюжет, фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерінде Талас ауданы әкімдігінің парақшасында 422 пост, 75 ролик жарияланды. «Талас тынысы» газетінде 63 хабарлама берілді. Қаратау қаласында Спорт және денешынықтыру кешені аумағында орналасқан LED-экранында күнделікті коронавирус індетінен сақтану шаралары жайлы бейнеролитер көрсетіліп тұрады.

Талас аудандық полиция бөлімінің бастығымен Төтенше жағдай кезінде көтерілген мәселелер бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап беру үшін фейсбук әлеуметтік желісінде 1 тікелей эфир өткізілді. Алдағы уақытта штаб төрағасы-аудан әкімімен және штаб мүшелерімен тікелей эфирлер ұйымдастыру жоспарлануда.
Қаратау қаласындағы және ауылдық округтердегі 20 мешіттерде жамағаттың қатысуымен жұма намазын оқу тоқтатылған. Сондай-ақ 4 шіркеуде тұрғындардың жиылуына шектеу қойылған.

Аудан бойынша мәдени көпшілік, спорттық іс-шаралар және той, жиындар өткізу, яғни тұрғындардың көп жиналатын шаралары тоқтатылған.
Барлық шаралар онлайн режимінде өтуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.