Талас ауданындағы мекемелер бетперде тігіп таратуда

0 12

Талас ауданындағы бірнеше мекемелер көп қолданбалы бетперделер тігіп таратуда ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында 7 дәріхана жұмыс істейді.
Короновирус дертінің алдын алу шаралары негізінде наурыз айында «Супер фарм» ЖШС–нен 16 000 дана медициналық маска алынып, дәріханаларға таратылған. Аталған маскалар бір реттік болғандықтан 60 теңгеден сатылды.
Бұдан бөлек, 4 жеке кәсіпкерлер тарапынан Қаратау қаласындағы «Бисекина» жеке кәсіпкері күніне 250 дана, «Алменбетова» жеке кәсіпкері күніне 150 дана көп қолданбалы медициналық маска тігіп, 200 теңгеден сатуда. Ойық ауылындағы «Ауганбаева», Қызыләуіт ауылындағы «Д.Мейірбекова» жеке кәсіпкерлігі күніне 100 дана маска тігіп, 200 теңгеден сатуда.

«Біз біргеміз» акциясы аясында «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығы және аудандық орталықтандырылған кітапхананың қызметкерлері 31-наурыздан бастап 550 көп қолданбалы бетперде тігуде. Тігілген бетперделерді бақылау бекеттерде тұрған аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, жағдайы төмен отбасыларға және қарттар үйіне тегін таратып беруде.

Сол сияқты, аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты Балалар мен жасөспірімдер орталығының қызметкерлері 27 наурыздан бастап күніне 50 дана көпқолданбалы маскалар тігіп, білім бөліміне қарасты мекемелерге үлестірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.