Талас ауданында 21 мектептің оқушылары қашықтықтан оқытылуда

0 0

Талас ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 35 мектептің 21-і қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті,-деп хабарлайды  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Аудандағы барлық білім беру мекемелерінде 9283 оқушы болса, 8294 қашықтықтан оқытылуда.
Ал қалған 14 мектеп «Балапан» және «Еларна» телеарналары арқылы білім алып жатыр. Аталған телеарналардан көрсетілетін сабақ кестелерінің уақыты мектептерге таратылды.

Білім беру мекемелерінде қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде білім беру процесін және сабақтарға қатысу мониторингін қамтамасыз ету бойынша жұмысшы топ құрылып, 6-7 сәуір күндері барлық ауылдық округтерді аралап, нақты жағдайымен танысты.

Мұғалімдердің «Күнделік.kz», «whatsapp», «Bilimland» желілері арқылы бейнесабақтар жүргізілуі және оқушылардың мұғалімдерімен кері байланысқа (үй тапсырмаларының алынуы)шығуы білім бөлімі тарапынан бақылауға алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.