Қайырымдылық-қайырлы іс

0 8

Бүгінгі ел Президентінің Үндеуін мұқият оқып шықтым.
Президент ел азаматтарына барлық қолдаулар болатынын жеткізді.

Бұл жұмыстардың жергілікті жерде жақсы атқарылып жатқанын,Президент тапсырмалары мүлтіксіз орындалып жатқанын айтқым келеді.

Аудан аумағында екінші жыл қатарынан үздіксіз қайырымдылықпен айналысып жүрген «Жан жылуы»қайырымдылық қоры бар,ұйымдастырушысы-Жәнібек Жүсіпов.
Әр апта сайын аталған қор мүшелері,ерікті жастар ауылдық округтердегі көмекке аса мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеті,киім-кешек түрінде көмектер беріп келеді.
Қазіргі уақытта «Жан жылуы» қоғамдық қорының мүшелерінің бастамасымен демеуші азаматтардың қолдауымен Луговой ауылында 4 отбасыға арналған тұрғын үй құрылысының іргетасы қаланды. Оның жобасын жасап, құрылысына атсалысып, асарлатып жасап жүрген де осы қор мүшелері мен ауданның ерікті жастары.
Ауылдық округ әкімдігімен кеңесе отырып, анықталатын көмекке аса мұқтаж отбасын қуанту үшін қайырымдылық қор мүшелері бар күш-жігерлерін салып жұмыс атқаруда. Олар өзара кезектесіп,бос уақыттарын осындай сауапты әрі пайдалы іске жұмсағандарына дән риза. Бабадан қалған ізгі қасиет жетім мен жесірге көмек беру,асар жасау секілді ұлттық құндылықтарды насихаттап, ізгі әрекетімен өзгелерге үлгі болып жүрген жас еріктілердің жұмысына ауыл халқы да алғыстарын жаудыруда.
Бұл жұмыс жаны жомарт,қайырымды жандардың демеушілігі арқылы жүзеге асырылып, кезең-кезеңмен жүзеге асып жатқанын айта кету керек.
Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі осындай игі шараларымен танылады.Бұл бағытта «Жан жылуы»қайырымдылық қоры көш бастап тұр.
Дәл қазіргі халық саулығына қауіп төнген сын сағатта көмекті қажет еткен жанұялар мен мүгедек,жалғызілікті азаматтарға,көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл бөліп отыруы қуантады.Қоғамдық қор тек осы жылдың басынан бері 90-ға жуық отбасына азық-түлік пакетін беріп,бір азаматтың пәтерақысын, бірнеше отбасының коммуналдық төлемақысын төлеп отыруы да көзге көрінбес мәселе емес,ол -мұқтаждарға үлкен көмек.
Барша қоғамдық қайырымдылық қорлар мен қоғамдық бірлестіктер қоғамда белсенділік танытса, жергілікті басқарушы органмен бірлесе еңбек атқарса, қоғамда жақсы дәстүр қалыптасар еді.

Еріктілер жылы#ҮЕҰ#
Біз біргеміз!#Жан жылуы#
Е.Жәдік-Құлан ауылы тұрғыны,жас маман

Leave A Reply

Your email address will not be published.