Береке басы- бірлікте

0 6

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев 2020 жылдың 27 сəуірінде ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА Үндеуін жариялады.

Үндеуде елімізде жүріп жатқан пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай 2020 жылдың 11 мамырына дейін ұзартылғаны туралы айтылған. Мемлекет басшысы аса күрделі, бірақ өте қажет шешім қабылдады. Осы үндеудегі көрсетілген шаралардың барлығы мемлекет басшысының ел игілігі мен қауіпсіздігі үшін жасап жатқан қамқорлығы деп қабылдағанымыз жөн. Үндеумен танысу барысында төтенше жағдай кезінде əрбір қазақстандық азаматқа əлеуметтік жағдайлар жасалатынын, олардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі назардан тыс қалмайтынын оқып, көңілге жылылық ұялады. Президент елімізде азық-түлік тапшылығына жол берілмейтінін нықтап айтты. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» қорынан қаржы бөлінгенін, «Nur Otan» партиясының белсенді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.
Əрине мемлекет басшысы біз үшін түн ұйқысын бөліп, халық қамы үшін алаңдап, алдыңғы шепте қызмет етіп жатқан дәрігерлер мен құқық қорғау қызметкерлеріне алғыс айтуды да ұмытқан жоқ.

Осындай қиын-қыстау кезеңде бірге болып, бір-бірімізге сүйеу болып, ТƏРТІП сақтайық, ағайын! «БЕРЕКЕ БАСЫ-БІРЛІКТЕ»-деп, дана халқымыз бекер айтпаса керек…
«Сабыр түбі-сары алтын» деп дана халқымыз айтып кеткендей, мен Сіздерді сабырлылық пен шыдамдылыққа шақырамын! ҮЙДЕ БОЛАЙЫҚ! БІРГЕ БОЛАЙЫҚ!

«Nur Otan»партиясының «Құлан» бастауыш партия ұйымының төрайымы,Ш.Уəлиханов атындағы орта мектебінің директоры Ш.Е. Дайрабаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.