Қолдау көрсетіле береді

0 0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеме жасап,  кейбір аймақтарда вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отырғандығын айтып, төтенше жағдай режімі мамыр айының 11-іне дейін ұзарту туралы шешім қабылдағандығын жеткізді.Күрделі кезеңде әрбір азамат назарда болатындығын және мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтынын атап өтті.

 Төтенше жағдай кезеңінде азаматтарға қолдау көрсетуге арналған шаралардың екі топтамасы жарияланып, бұл шаралар барынша жүзеге асырылып жатқандығы айтылды. Бүгінгі күні 4 млн. 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетіліп, 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылғандығын және алдағы уақытта жалпы 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспарланып отырғандығын мәлімдеді. Одан бөлек сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетілетінін  жеткізді.

Ел басына түскен қиын кезеңде жастар мен еріктелердің осынау қиын кезеңде қолдауды қажет ететін  жандарға  қамқорлық таныта білді. Біздің ауданның жастары мен еріктілері де  Төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандар мен жалғызілікті қарияларға азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектерін үйлеріне апарып беріп,  медициналық  бетпердемен қамтамасыз етті.

Әлемдік індетті жеңетін боламыз. Ол үшін әлі де болса сақтық шараларын ұстанып, Төтенше жағдай талаптарын  бұлжытпай орындауымыз қажет.

Нұртас Уалиев,

Мырзатай ауылы, жастар ресурстық орталығының бас инспекторы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.