Жамбыл облысында «Келіндер келбеті» онлайн конкурсы өтті

0 18

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырмасымен, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Келіндер келбеті» онлайн конкурсы өтті , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жас келіндерге үлгі таныту, салт-дәстүр мен ұлттық тәрбиені жаңғырту, отбасы татулығын қалыптастыру, бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 18 бен 40 жас аралығында Тараз, Жамбыл облысының адандары, Шымкент, Қызылорда, Алматы, Талдықорған, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау, Орал қалаларынан 21 келін қатысты.

Жеңімпаздарға онлайн конкурстың төрайымы әнші Б.Ділдәбекованың отбасылық демеушілігінен, филармония әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы тарапынан қаржылай сыйлықтар бөлініп, жеке каспи-голд карточкаларына жолданды.

Конкурс нәтижесі бойынша :

«Бас жүлде» дипломы — Гүлхан Мұхамбетова – Ақтау қаласы (10 000 тг);
«1 орын» дипломы – Бекзат Усаева – Тараз қаласы (5000 тг) және Балнұр Абдиманапова – Ақтау қаласы (5000 тг);
«2 орын» дипломы – Асел Абдуллаева — Ақтау қаласы (2500 тг);
«3 орын» дипломы – Ақмарал Айтбаева – Шымкент қаласы (2500 тг).

Қалған 16 үміткерге алғыстар білдіріліп, қаржылай сыйлықтар жолданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.