1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында бұрын ешбір елде кездеспеген, саяси маңызы ерекше құрылым – Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған болатын. ТМД елдерінің басым бөлігі Қазақстанның осы үлгісін қабыл алды. Ресейден бастап, көршілес Қырғызстанға дейін Халық ассамблеясын құрды. Осының өзі Қазақ елінің бейбітшіл болмысын әлемге айғақтап тұрғандай. Мойынқұм ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Диана Прачева 1986 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Өзі украин, жолдасы –орыс ұлтының өкілі екен. Диана жұмыссыз, бүгінгі таңда 5 баланы тәрбиелеп өсіріп отырған ана. Сондықтан да ол алдағы уақытта өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарға арналған бағдарлама аясында білім алып, өз кәсібін бастауды ниет етіп отыр. — «Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Мәлімдемесінде аз қамтылған, көп балалы жандарға көмек көрсетiлетінін оқыдым. Көп уақыт өтпей 42500 теңге көлемінде қаражат алып, қуанып қалдық. Енді коммуналдық төлем алуды да күтіп отырмын. Мемлекет тарапынан осындай қысылтаяң уақытта қамқорлық көрсетілгені үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысым шексіз. Еліміздің жеңісті де, жемісті жылдары жалғаса берсін. Бейбітшілік пен өзара келісімнің символына айналған 1мамыр — Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесімен өз жерлестерімді шын жүректен құттықтаймын, -дейді Диана Леонидовна.
Мойынқұм ауылының тұрғыны көпбалалы ана Ж.Прачева