Қайырымдылық -қадірлі іс

0 0

Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек,  ізгіліктің анық көрінісі,  адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.

Адам ұрпағына қайырымды­лықты жастайынан үйретіп, адам­гершілік қасиеттерге баулуғаё ұмты­лады. Алайда мың құбылған дү­ниеде табысын біреумен бөліспек түгілі барын өзіне қимай жүр жандар де баршылық. Деген­мен,  жақсылардың шарапаты өмір­дің өзін әдемі көрсетеді. Мойынқұм ауданында 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні және «Бізбіргеміз» акциясы аясында, айлардың сұлтаны рамазан айында Мойынқұм ауданының біршама азаматтары көпбалалылар мен көмекке мұқтаж азаматтарға көмек қолдарын созып жатқанын естігенде мынандай қиын кезеңде әлі де жақсы адамдар көп екеніне көзің жеткендей болады. Осындай қолы ашық жандардың бірі Күшаман ауылындағы «Ынтымақ» ш/қ мүшесі Малдыбеков Жеңіс мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған 10 отбасына бір-бір қойдан үлестіріп берсе, Мирный ауылының тұрғыны, шаруа қожалық жетекшісі Абдибаев Тоқтасын 1 сиырын сойып көмекке мұқтаж жандарға үлестірді. Бірлік пен ынтымағы жарасқан ауданымызда 1 мамыр мерекеге орай бұдан бөлек өзге ұлт өкілдері мен мұқтаж азаматтарға барлығы 65 азық түлік себеттері таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.