Бүгінгі жас — ертеңгі отау иесі. Сыйлы қонақты төріне шығарар отағасы, абзал ана. Сондықтан, әрбіріміз қазақтың сыйлы кісісіне тартылар табақта қандай мүшелердің жүруін білуіміз керек.
Ең алдымен ет асқанда жіліктен бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақасыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктегенде он үш мүшеге бөлінеді. Олар:
Екі жамбас;
Екі ортан жілік;
Екі асықты жілік;
Бір бел омыртқа;
Екі сүбе, сондай-ақ қабырға;
Төс;
Бір омыртқа;
Екі жауырын;
Екі тоқпан жілік;
Бір бұғана;
Бір мойын.
Әдетте, кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, қой немесе ешкінің шекесін, қазы-қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.
Бас
Басты үйітіп, жылы суға жуып, мұқият тазартады. Сонымен бірге жағын айырып, тазалап жуады. Жылқының басын бөліп асады, ал сиырдың басын көз қуысына таяу кеңсірігінен бір шауып, маңдайынан қақ жарып, үшке бөліп асады. Сондықтан әр шекесі бір бастың орнына жүреді. Сыйлы қонаққа жылқының шекесін тартпайды, ол тек етпен бірге беріледі.
Қазақ халқында мейманға тартылатын табақтың түрі көп. Дегенмен негізгі түрлерін біле жүрген дұрыс. Олар:
бас табақ, қос табақ, сый табақ, күйеу табағы, келін табағы, жастар табағы, жай табақ. Бас табақ Жасы үлкен қарттарға, аса сыйлы қонақтарға тартылады. Оған салынатын кәделі мүшелер: бас, жамбас, ортан жілік, белдеме, сүбе қабырға, қойдың ұлтабары, жылқы етінен қазы-қарта, жал-жая.
Қос табақ Құда-құдағиларға тартылатын арнайы табақ. Оның кәделі мүшелері бас табақпен пара-пар. Оның қос табақ деп аталатын себебі, құда-құдағиға көпшілікпен бірге ұсынылған қонақасының үстіне қосымша тартылатындығы. Қостабақтың кәделі мүшесі — тоқпан жілік.
Сый табақ Құда-жегжаттық қатынасы болмаса да, ерекше сый құрметке ие адамдарға арнайы тартылатын табақ. Жастар табағы Оның ең кәделі мүшелері — асықты жілік пен төс. Асықты жілік әдетте күйеудің жолдасына немесе қыздың жеңгесіне ұсынылады. Күйеуге әлбетте төс тартылады. Жай табақ
Ортан жілік, жауырын, тоқпан жілік пен қабырға омыртқа салынады.
Аталған табақ тарту түрлері Қазақ елінің кең-байтақ даласының әр түкпірінде әр жолмен, әр қосымшасымен тартылуы, ұқсамауы мүмкін. Тіпті, ет турау әдісі де әр өңірде әр түрлі болып келеді.