Дезинфекциялау шаралар-індеттің алдын алудың алғышарты

0 3

Адам денсаулығына қауіп төндірген індеттің алдын-алу қазіргі уақытта кезек күттірмейтін мәселе.Бұл жергілікті әкімдіктің басты назарындағы мәселе болғандықтан,аудан әкімі Е.Садырқұлов күнделікті бақылауына алған.
Жалпы аудан бойынша 526 нысан бақылауға алынған:/ білім беру нысандары-67; денсаулық сақтау нысандары-35; спорт нысандары-162; мәдениет нысандары-53; ғибадат нысандары-35; сауда нысандары-95; тамақтану нысандары-32; көлік жуу,көлік жөндеу нысандары-22, пошта-19; ХҚКО-1, лагерь-1, демалыс орындары-4;/
Халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар күніне 2 рет дезинфекциялануда.
«Құлан мал Дәрігері» мекемесі залалсыздандыратын обьектілер-аудандық әкімшілік, Құлан ауылдық әкімшілігі, «Nur Otan», «Халық банкі», «Ақ босаға», «ҚазПошта», «Алтын сарай», «Қаракөз» сауда орталығы, Полиция бөлімі, «Сұлутөр» кинотеатры, Автовокзал, Орталық базар, ауылдық округтердегі қоғамдық орындар.
«Т.Рысқұлов аудандық дезинфекция» ЖШС -і залалсыздандыратын обьектілер-Т.Рысқұлов ауданы бойынша 39 мектеп, Наубайхана, «Наурыз» тойханасы, «Жекен» тойханасы, «Сопы»дүкені, «Мирас» бөбекжай-бақшасы, «Мука»дүкені, Әскери қалашық дүкені, әскери қалашық асханасы, «Орхидея»дүкені, «Нұрлыбек», «Халал», «24 сағат» азық-түлік дүкендері, 3 бөбекжай- бақша;
ҰСО Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесі залалсыздандыратын обьектілер-«Ақ босаға», «Анастасия»дүкені , КМФ банкі күнделікті талапқа сай залалсыздандырылуда.

Аудан әкімдігінен дезинфекциялау шараларына тиісті қаражат бөлінді.Мысалы, қоғамдық орындарды дезинфекциялауға 5 млн. 436 мың теңге;
антисептик құралдар алуға 1 млн. 312 мың теңге; мемлекеттік қызметшілерге көп реттік бетперде тіктіруге 612 000 теңге бөлінген.
Жаттығу жұмыстарын жүргізетін спорт нысандарының, мектептер мен қосымша білім беру, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмысы толығымен тоқтатылғанымен,дезинфекциялау шаралары жоспарға сай уақтылы жүргізіледі. Аудан көлеміндегі 12 мейрамхана, тойхана және 95 сауда үйі, дүкендер, 32 тамақтану орындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы ескерту жұмыстары жүргізіліп, жұмыс істеу уақытын шектеу мәселесі ескертілген.
Ауылдық елді мекендер және аудан орталығына қатынайтын қоғамдық көліктерде дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізілді,бұл жұмысты , «Құлан Логистик» ЖШС-і атқарды.
Аудан орталығы мен Луговой ауылына қатынайтын 8 автокөлік пен ауылдарға қатынайтын 6 автокөлік күнделікті залалсыздандырылған болатын.Карантиндік режимге сай ауылішілік,ауданаралық көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Ауданда Луговой темір жол станциясы бар. Арнайы 5 рет әкімдік тарапынан дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастыру жағдайы тексерілді. Қазіргі уақытта барлық сақтық шарасы талапқа сай, әр поезд келіп-кеткен соң дезинфекциялау шарасы толық жүреді.
Аудан тұрғындарына да жеке үйлері мен шаруашылығын,жеке кәсіп жасайтын орындарына дезинфекция жасау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.