Тұрар Рысқұлов ауданында 1303 отбасының 7402 адамына 215,0 млн. теңге көмек тағайындалған

0 6

Төтенше жағдай кезінде Тұрар Рысқұлов ауданының халқы әлеуметтік қолдаулардан аянып қалған жоқ. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы табыстары күнкөріс деңгейінің кедейшілік шегіне жетпейтін 1303 отбасының 7402 адамына 215,0 млн. теңге көмек тағайындалып, төленіп берілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықтың бір-бірімен қарым-қатынасқа түспес үшін, яғни І тоқсанда тағайындалған 1241 отбасының табысын ескермей, ІІ тоқсанға автоматты түрде ұзартып тағайындады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының 1 жастан 6 жасқа дейінгі жалпы 1598 балаға ай сайын кепілдендірілген әлеуметтік топтамалар және тоқсанына бір рет берілетін тұрмыстық химиялық тауарлар жиынтығы үлестіріліп, толық таратылып берілді.

Төтенше жағдайға байланысты наурыз айынан бастап 1,2,3 топтағы барлық мүгедектер және бала жасындағы мүгедектер, мүгедек балалардың күтімімен отырған ата-аналар, ресми тіркелген жұмыссыздар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етуге жалпы 5567 теңгеден беруге 6310 адамның тізімі анықталды. Бүгінгі күнге бөлімнің қаржыландыру жоспарына сәйкес 6216 адамға 50,7 млн. теңге төленді.
Аудан бойынша төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік төлемдерге 419 азаматқа 328 жұмыс берушіден өтініш түсті. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық штабтың 17 отырысы өткізіліп, аудандық төлем орталығына жолданды.
​Сонымен қатар электронды түрде 16969 өтініш беріліп, оның ішінде 16557 адамға әлеуметтік төлем аударылды. Екінші айына 10430 адамға төлем жүргізілді.
Халыққа әлеуметтік төлемдер өз кезегінде жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.