Жазғы сауықтыру жоспарлануда
Биыл аудан аумағында балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты балалар жазғы сауықтыру лагері 3 маусымда жұмыс атқарады деп жоспарлануда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
1-ші кезеңде -70 бала, 2-ші кезеңде -65 бала, 3-ші кезеңде -65 бала, барлығы 200 баланы жазғы демалыспен қамту жоспарланған.
Балалар мен жасөспірімдер орталығына қарасты балалар жазғы сауықтыру лагерінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Лагерь аумағының айналасы тазартылып, шөптері шабылып, тал-дарақтар түптелді.
Арықтары қазылып, тазартылды, жатын бөлмелердіңибарлығының іші-сыртына, асхананың, сахнаның, қоймалардың, әжетхананың, іші-сыртына сырлау, ақтау жұмыстары толықтай жүргізілуде.
Ауданның аса мұқтаж отбасы балалары еркін демалып,сауығып шынығуы үшін барлық жағдай қарастырылып,тиісті жұмыстар басталып кеткен.