Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы жедел штабтың хаттамалық тапсырмасы негізінде дүкендердегі баға тұрақтылығын сақтау мақсатында құрылған штаб мүшелері және «Т.Рысқұлов – адалдық алаңы» жобалық офисінің мүшелерімен Луговой ауылында орналасқан дүкендерге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» АА хабарлайды.
Дүкенге келушілерге, сауда нысанының иесіне індеттің алдын-алудың алғы шарттарын және тұрғындардың жиі тұтынатын тауарлары бағаларына тұрақтылықты сақтау керектігі түсіндірілді.