Облыс аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 16 наурызында жарияланған төтенше жағдай бойынша ауданда 264 кәсіпкерлік нысаны уақытша жабылған болатын. Оның ішінде ЖЖМ бекеттері, дәріханалар, күнделікті халық тұтынатын азық – түлік сататын дүкендер мен базарлар өз жұмыстарын тоқтатпаған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінен 1 кезеңде азық – түлік емес, құрылыс материалдар дүкені, ТЖО, қосалқы бөлшек дүкендеріне рұқсат беріліп, 41 кәсіпкерлік нысан ашылып өз жұмысын бастаған.
Аудан әкімдігі жанындағы жедел штаб жұмысының нәтижесінде ауданда бірқатар нысандар ашылып,өз жұмысын бастап жатыр.
2020 жылдың 11 мамырынан 2 кезеңде азық-түлік емес, ыдыс-аяқ, ойыншық сататын, аяқ-киім сататын, аяқ-киім жөндеу шеберханаларына рұқсат беріліп, қосымша 15 кәсіпкерлік нысан ашылып, барлығы 56 меморандум толтырылды.
Қазіргі таңда 3 -кезеңде ашылатын кәсіпкерлік нысандар тізімі жасалып, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бірлесіп ашылатын нысандардың санитарлық дайындығы зерделеніп, дайындық жұмыстары жүргізілуде.
#Біз біргеміз!