Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жазылбек Ұлан Еркінұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы «ZhambylNews» АА хабарлайды.
Ұлан Жазылбек 1962 жылы туған, білімі жоғары. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша және 2009 жылы Д. А. Қонаев атындағы университетін «заңгер»мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған. 1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ департаментінің директоры, «Қорғас – сервис» ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, 2011-2013 жылдары Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары, 2014 — 2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту департаментінің директоры лауазымдарында болған.
2017 жылдың қараша айынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.