Ерікті жастардың өнегелі істері жалғасуда

0 12

Тұрар Рысқұлов ауданының Абай ауылдық округінің ерікті жастары биылғы «Еріктілер жылы»аясында ауқымды шаралар атқарды.
Ерікті белсенді жастар ақпан-наурыз айында ауылдық «Қалқабай ата»мешітінің айналасын абаттандырып, арнайы жол салып,көгеріштендірді. Ауыл жастары мен жас кәсіпкер азаматтардың бастамасымен тағы да сол маңнан мешіт асханасын соғу жұмысы басталып кетті. Қасиетті айда басталған қайырымды шараның да бастамашысы-ерікті жастар. Таяу уақытта ауылдағы «Жастар орталығы» ғимаратын да жаңғырту,жаңарту жұмыстарын жоспарлаған.
Одан бөлек көмекке аса мұқтаж бір отбасының үй-жайын жөндеп, шатырын ауыстыру,айналасын қоршау жұмыстарын жасауды да ауыл жастары өз жауапкершілігіне алып отыр. Халық игілігі жолындағы жарқын істер әлі де жалғасын табатын болады.
Еріктілердің жыл соңына дейінгі жоспарлары дп ауқымды әрі жүйелі.
Айта кетерлігі бұл іске ауданнан түлеп ұшқан республиканың әр қиырында жүрген жерлестер де үн қосатын болады.
«Туған жерге туың тік!» деген ұранды ұстанған абайлық жас еріктілердің алар асуы алда.
Бұл туралы кеше Ұлттық арнада «Ашық алаң»ток-шоуында да айтылды.
#волонтерлер жылы#
#қайырымдылық#
2020ж#ерікті жастар#
#Рухани жаңғыру#
#Туған жерге тағзым#

Leave A Reply

Your email address will not be published.