Жастарға жарқын жол

0 1

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы жоба. Бұл – ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол.

Халық болашағы үшін жарияланған маңызды мақаланың шыққанына да үш жылдың жүзі болды. Басында мақала болған «Рухани жаңғыру», кейінірек өзінің маңыздылығына сай бағдарлама ретінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде іске асып жатты. Еліміздің мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болуы үшін және бұқаралық сананы өзгерту жолындағы ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халқына жолдаған ұтқыр бағдарламасы еді.

«Рухани жаңғыру» – бұл адам сана-сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте олардың білімділігі, ана тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады. Сондықтан Ұлт көшбасшысының бағдарламалық мақаласы тікелей жастарға арналған. Өйткені болашақ жастардың қолында. Сондай-ақ бұл бағдарламалық мақалада ел болашағы жастарға арналған тараулар мен мақсаттар айқын көрсетілген. Бұл орайда облыс орталығы Тараз қаласында атқарылған жұмыстар аз емес. Осылайша, аталмыш мақала жас буынның даму жолын бағдарлап берді. Өз кезегінде осынау игілікті іске қалалық жастар ресурстық орталығы да қолғабыс етіп келеді. Бағдарламаның «Туған жер» бағыты бойынша «Тағзым» жастар акциясы аясында «Тектұрмас» этнотарихи кешеніне тазалық жұмыстары жүргізілді. Яғни осы осындай бастамалар жастардың бойына еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін оятып, жеріне деген құрметін арттыратыны сөзсіз. Жалпы осынау мақала аясында Тараз қаласында бірқатар жүйелі жұмыстар жасалып, ілкімді істер атқарылуда. Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру және жастар арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру мақсатында биылға барлығы 55 іс-шара бекітілген болатын. Аталмыш мақала аясында жұмыс жоспары бойынша 5 айдың қорытындысы бойынша 22 іс-шара өткізілді. Атап айтсақ, «Волонтерлік – әлеуметтік жастар лифті» атты волонтер жастар арасында форум, «Жарқын болашағымыздың тұғыры – рухани жаңғыру» атты кездесу, «Ерікті жұмысшы емес!» атты дискуссиялық алаңы, «Латын әліпбиіне көшу – дамыған 30 елге бір қадам» атты семинар, «Еріктілер – қоғамның қозғаушы қуаты» атты кездесу, «Басқаға қуаныш сыйлаған жан – бақытты жан!» атты жастар акциясы, А.Құнанбаевтың туғанына 175 толуына орай «Қазақтың бас ақыны – Абай» атты шығарма байқауы, «Қарттарға құрмет» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Рухани жаңғыру отбасы құндылықтарын жаңғыртудан басталатынын тілге тиек ете кеткен жөн. Осы жылдың 3 ай қорытындысы бойынша 451 жас неке қиса, 78 жас некесін бұзған. Әрине, бұл – ойланарлық мәселе. Аталған олқылықтың орнын толтыру мақсатында ағымдағы жылы Жастар ресурстық орталығының отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттау бағытында «Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге әдептілік, инабаттылық сияқты ұлттық қасиеттерді қыздардың бойына сіңіру, тәрбиелеу» тақырыбындағы жұмыс жоспары бекітілді. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылып, 200-ден аса қыз баласы қамтылды. Сол секілді қала жастарын жұмыспен қамту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2020 жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыруға 350 жасты уақытша жұмыспен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар облыс орталығында құрамында 300-ден аса мүшесі бар 3 волонтерлік ұйым жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, «Қазақстан студенттерінің Альянсы», «Темірқазық» волонтерлер қозғалысы, «Сұңқар» волонтерлік қозғалысы. Бұдан өзге, қаладағы жоғары оқу орындарында 6 волонтерлік ұйым жұмыс жасайды. Аталған жылды өткізу жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Елбасы осы мақаласында: «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін», – деп ел ертеңі жастарға үлкен сенім артты. Елімізде мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Сондықтан болар, Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні де бекер емес. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы арқылы қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек деді. Ендеше, қазақ жастары төл тарихты

жетік біліп қана қоймай, өркениетті ел қатарына қосылуға үлестерін қосуы абзал. Білім мен іскерлік, ұлттық рух пен жігер ғана оны сол биікке жеткізеді.

Абзал Есіркепов,

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің

«Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.