Сарысу ауданында «КӨРПЕ FEST» ұлттық қолөнер бұйымдарының аудандық байқауы өтті

0 5

Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен желілік кестеге сәйкес Сарысу аудандық «Коворкинг» орталығында рухани жаңғыру аясында іс шара өтті. Барлық сақтық шараларын ұстана отырып өткізген шараға Жаңатас қаласы мен ауылдық округтердегі аналар мен қыз-келіншектер қатысуымен ұлттық салт-дәстүрлер насихатталды. Соның ішінде «КӨРПЕ FEST» ұлттық қолөнер бұйымдарының аудандық байқауы және қолөнер  бұйымдары көрмесі өткізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Құрақ – «адамның басы құралсын» деген ырыммен тігі­ле­тін көрпе. Мақсатымыз – ұлттық қол өнерімізді жаңғыртып, ұрпақ­тан-ұрпаққа мұра ету.
Байқауға көздің жауын ­ала­тын сан түрлі көрпелер қо­йыл­­­ды. Мақпал, барқыт, шыт, т.б. мата­лар түрінен құралған көр­пе­лерден Сарысудың ежел­гі қөлөнерінің жарқын көрі­ністерін байқауға болады. Ши құрақтардың арасына түйе бей­не­сін, тастағы ежелгі таңбалы бел­гі­лерді салып тігу, жаңаша сән кіргізуд­і көздеген үлгілері де бар.
Аталған шарада аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова сөз сөйлеп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау, болашақ ұрпаққа қалдыру, біздің өмірімізде ұлттық құндылықтардың алатын орны, рухани жаңғыру бағытында атқарылып жатқан ісшаралар туралы кеңірек мағлұмат беріп өтті.

Аталмыш шарада 30-ға жуық адам қамтылды. Байқауда жүлде­гер­лер арнайы орындармен бірге «Көрермен көзайымы», «Ынталандыру», «Ою құрақ ше­бері», «Ісмер әйел», «Құрақ әле­мінің ханшайымы» сынды жүл­делермен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.