Мойынқұм ауданында  карантин мерзімі кезінде 48 тұлғаға айыппұл салынған

0 1

Мойынқұм ауданында  індеттің алдын алу бойынша Төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, жоспарлы жұмыс жүргізілді.  Карантин мерзімі кезінде тиісті талаптарды орындамаған 48 тұлғаға айыппұл 1333,0 мың теңге салынып, 30 тұлғаға ескерту берілді. Бұл туралы  бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Тоқтарбайұлы айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ауданда індет жұқтырған адам болмаған. Тек Мыңарал цемент зауытында жұмыс істейтін Қызылорда облысының 1 тұрғынынан вирус анықталып, дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде ауру ошағы толығымен жойылды.

Бүгінгі күнге ауданда 118 әлеуметтік-кәсіпкерлік нысандар қайта ашылып, қызмет көрсетуде. Санитарлық талаптардың сақталуы, азық-түлік бағасының негізсіз көтерілмеуі және тұрақтылығы ауданда құрылған мобильдік топ арқылы күнделікті бақыланып отыр. Баға мәселесі бойынша 8 маусым күні аудан прокуроры, кірістер басқармасы басшысының қатысуымен аудан орталығындағы кәсіпкерлермен кездесу өткіздім. Басқосу қортындысымен бағаны төмендету бойынша келісімдер жасалып, нақты азық-түлік түрлерін субсидия арқылы арзандату жолдары қарастырылуда. Жалпы айтқанда, бүгінгі күнге ешқандай азық-түлік түріне ауданда тапшылық орын алып отырған жоқ.

Үкіметтің басты назарға алған шараларының бірі карантин кезеңінде жұмысы тоқтап қалған, немесе жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік әлжуаз топтарға әлеуметтік төлем жүргізу болатын. Бұл тапсырма толығымен орындалып, 42500 теңгеден 6112 адамға төленген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.