Мойынқұм ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 52 жоба қаржыландырылған

0 0

Мойынқұм ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 52 жобаны қаржыландыруға 1387,0 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы  бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Тоқтарбайұлы айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Барлық жоба жеңімпаздары анықталып, жұмыс басталып кетті. Аталған бағдарламадағы нысандар бойынша 462 жұмыс орындары ашылса, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 236 жұмыссыз жұмыспен қамтылған.  Жүргізіліп жатқан бағдарламлар аясында жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған  862 жұмыссыздың 420 – сы белсенді шараларға тартылса,  қалған 462-сі тұрақты жұмысқа орналасқан.

Тағы бір ауылшаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бағдарламаның бірі – қарапайым заттар экономикасы деп аталатын пилоттық жоба да ауданда тыңғылықты жүргізілуде.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – әрбір тұрғынға өзін-өзі жұмыспен қамту және үй іргесіндегі жерді пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік туғызу болды.

Жоба 5 бағыттан тұрады. Аталған жоба аясында 139 азамат ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы 379,3 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, 415 бас мүйізді ірі қара, 922 бас уақ мал, 371 бас жылқы және 47,7 млн. теңгеге 11 дана ауылшаруашылығы техникаларын  алды.

Тұрғындарының әл-ауқатын арттыру пилоттық жобасын ары қарай жалғасыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен ауданымызда Бірлік және Қылышбай ауылдық округтеріне талдаулар жасалынып, облыстық ауыл шаруашылық басқармасына қаражат бөлуге ұсыныс берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.