Мойынқұм ауданында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Үлгілі ауыл» байқауына ұсынылған Биназар ауылының клубы жанынан құрылған қолөнер үйірмесінде қазақтың қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Көрменің мақсаты балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытында қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, салт-дәстүрге деген құрмет, қолөнердің әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, сондай ақ салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік қасиетті арттырып, қолөнерге баулу, қолөнер бұйымдарын қадірлеуге үйрету.
Үйірменің жетекшісі Нұржаубаева Айман.