Бүгін Тұрар Рысқұлов ауданында М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің алдында ашық алаңда Құлан ауылдық округі тұрғындары үшін Көшпелі қоғамдық қабылдау өтуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Көшпелі қоғамдық қабылдауда аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, аудан прокурорының орынбасары Н.Нусипов және бөлім,мекеме басшылары тұрғындардың жеке өтініштері мен ұсыныстарына,сұрақтарына жауап беріп, мәселелер бойынша шешімдер қабылдады.
Осындай көшпелі қоғамдық қабылдаулар алдағы күндері Абай,Қарақыстақ, Луговой, Көкдөнен ауылдық округінде де жалғасын табады.