Мойынқұм ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау жүргізілуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдаған сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі атты Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет деп тапсырған болатын. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.
Міне бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес көшпелі қоғамдық қабылдау апталығы бастау алды. Көкжелек ауылында сағ.10.00-17.00 дейін аудан әкімі М.Мұсаев бастап аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің басшысы және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, тиісті бөлімдер басшыларымен бірге азаматтарды мәселелері бойынша жеке жеке қабылдады.
Бас аяғы 23 азаматты қабылдаған мекеме басшылары тиісті заңнамалар аясында түсінік жұмыстарын жүргізді. Бұл қабылдауға қарапайым халық оң бағасын беріп ризашылықтарын білдіріп жатты. Бұл шара осы апта аяғына дейін Бірлік, Кеңес, Биназар, Күшаман ауылдарында жалғасын табатын болады.