Ғибратты керуен «Құралай сұлу» кесенесінде

0 5

Бүгін Ұланбел, Құмөзек ауылдарына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен облыстың алқа биі  Оңласын Есіркепов «Ғибратты керуен» бастамасымен  келіп ауылдардағы ардагерлермен кездесу өткізді. Кездесуден кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы бастаған топ 18-19 ғасырдан қалған «Құралай сұлу» мазарында  болып, тарихымен танысып, құран бағыштады, -деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында ауыл қарияларының ұрпақ тәрбиесінде алар орыны,жастардың ажырасуы, билер кеңесінің жұмыстары жайлы айтылып осы мәселелерді ауылдық деңгейде қолдау, жастармен түсінік жұмыстарын жүргізіп отыруды сұрады.

Аталмыш шараға Тараз гуманитарлық университетінің ректоры Саурықов Ерболат және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, қоғамдық кеңес төрағасы Болат Сатыбалдиевтер қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.