Басты міндет — сақтық шараларын қатаң сақтау

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Е.Б.Калыбаев және мобильді топ мүшелері аудан орталығындағы құрылыс базарларының карантиндік талаптарды сақтау бағытындағы жұмыстарына зерделеу жүргізді , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жұмыс барысында, құрылыс базарларындағы санитарлық талаптардың орындалуы, оның ішінде антисептиктердің болуы, келушілердің арақашықтық сақтап, бетперде тағып жүруі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Арнайы мобильді топ мүшелері тарапынан берілген ұсыныстардың толық орындалуын қамтамасыз ету туралы ескертулер жасалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.