Рүстем Дәулет БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетті

0 2

Бүгін 28 маусым — Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Қордай ауданы әкімі Рүстем Дәулетте аудандағы ақпарат саласының мамандарына деген құттықтауын жеткізіп, ақпарат саласында талмай еңбек етіп жүрген бірқатар БАҚ өкілдерін марапаттады, — деп жазады  «Zhambylnews» ақпараттық агенттігі.

Қордай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың видеоконференциялық байланыс арқылы мерекелік құттықтауын, жүрекжарды лебізін тыңдады.

Жиынға аудандық «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» қоғамдық-саяси және «Кәсіпкерлік жаршысы» газеттерінің ұжымы мен «КИИК» ЖШС-нің мамандары қатысты.

— Ауданымыздың тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқаруда. Сіздер арқылы аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық, -деп атап өтіп сый-құрмет көрсетті.

Жиын барысында аудандық мәслихат хатшысы Р.Нұрсипатовта тілшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, ауданның ақпарат айдынында белсенді қызмет етіп жүрген бір топ азаматтарға Құрмет және Алғысхаттар табыс етті.

Айта кетейік, 1997 жылы ҚР «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң қабылданып, 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні ретінде белгіленді.   Бүгінгі күнге дейін газет, телеарна, радио және баспа өнеркәсібі қызметкерлері халықтың пікірін пайымдап, қоғамдық көзқарас қалыптастыруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.