Қордай ауданы Сортөбе ауылдық мәдениет үйінде Дәстүрлі әнші Ұлдан Шалабаеваның «Бабамнан қалған — бай мұра» атты шығармашылық кеші өтті , – деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Ұлдан ШалабаеваК.Әзірбаевтың әні «Бастау», халық әні «Дүлдүлім», Майра Уәлиқызының әні «Майра», Алдаберген Жолдасбаев халық әні «Замандас», Базар жыраудың толғауы «Әлі де сенде арман жоқ» әндерін орындады. Бақыт Абильдаевтың орындауында халық әні «Беу айдай», терме «Әжетайым».Қазақтың дәстүрлі әні аталатын, көздің қарашығындай сақтар рухани асыл мұра, қымбат жәдігер¬лігіміздің қазіргі барын түгендеп, шашпай-төкпей, кейінгі ұрпаққа табыстау – бүгінгі біздің парызымыз.
Қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұра, рухани жәдігерліктерінің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп, бүгінге жеткен көл-көсір ән қазынасы ерекше орын алады. Қазақ әні – қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы, халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері. Күнделікті тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүрге орайласа туған ғұрыптық ән, қара өлең¬дерден тартып, адам баласының аңсар-мұратын, қайғы-мұң, сағыныш-шерін, өзек өртер өкініші мен жарқын үміт, қуаныш-шаттығын – сан-алуан сезім-күй, жан әлемін өрнектеп, формалық, мазмұндық тұрғыдан кемеліне келе түрленіп, биік кәсіби өреге жеткен дәс¬түрлі ән өнері ұлттық музыка мәдениетіміздің алтын өзегі, ықылымнан бүгінге арқауын үзбей жетіп, қазіргі рухани болмысымызға нәр беріп тұрған сарқыл¬мас қайнар іспетті.