Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бақармасының басшысы Н.Жүнісбеков, және Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д.Молдағалиевпен Қордай ауданындағы спорт нысандары және құрылыс жұмыстарына зерделеу жүргізді – деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Қордай ауылындағы «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» КММ жұмысы барысымен танысты. Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығына, 11 ауылдық округ бойынша (Аухатты, Масанчи, Сортөбе, Қақпатас, Степное, Бетқайнар, Ноғайбай, Кенен, Отар, Үлкен Сұлутөр, Сұлутөр) спорт инспекторларды шілде айынан бастап алуды атап өтті.
Сондай-ақ, құны 30 млн тұратын аудандық еркін күрес федерациясы және кәсіпкерлер тарапынан салынып жатқан күрес залының құрылыс жұмысымен танысты.
Қордай ауылындағы №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының жанына салынып жатқан стритворкаут алаңшасының құрылысымен танысып өтті.
Сонымен қатар, орталық стадионның жұмыс барысымен танысып өтті.
Қаракемер ауылдық округтегі кіші футбол және стритворкаут алаңшасының құрылысымен танысып, спорт нысандарын сапалы және көрсетілген мерзімде өткізуді айтты.
Масанчи ауылдық округтегі «Самұрық қазына» КҚ демеушілік тарапынан көрсеткен балалар ойын алаңы, стритворкаут және кіші футбол алаңшаларының құрылысымен танысты.
Сортөбе ауылдық округіндегі 2019 жылы салынған стритворкаут және кіші футбол алаңшасымен танысты. Демеушілер тарапынан салынған кіші футбол алаңшасының қоршауын қосымша нығайту керектігін айтты.
Аухатты ауылдық округіндегі №9 орта мектептің ауласына салынған кііші футбол алаңшасымен танысты. Алаңшаға жөндеу жұмыстары қажет ететіндігін атап өтті.
Қасық ауылдық округіндегі кіші футбол алаңшасы мен «Самрұқ – Қазына КҚ» демеушілік тарапынан салатын спорт кешенінің құрылыс жұмысымен танысты.