ЖД-158/7 мекемесінде тараздық тұрғынның ісі әшкере болды

0 0

Түзеу орнының темірдей тәртібін бұзбақ болған тараздық тұрғынның ісі әшкере болды. Айласын асыруға ниеттенген ер азамат ЖД-158/7 мекемесінің ішкі күзет аумағына белгісіз орамды лақтыру мақсатында түрме маңын торуылдау барасында күдікке ілінеді , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Барболов көшесі бойын жағалап, түрме маңында өзіне тиесілі затын түсіріп алған кейіп танытады. Мекеме қызметкерлерінің жедел бақылау жұмыстары барысында көп ұзамай зәулім қоршауды асыра ораманы лақтырады.

Ізін суытуға асыққан күдікті құрықталды. Оқиға орнына Тараз қалалық Полиция басқармасы 1-Полиция бөлімшесінің тергеу-жедел тобы шақырылып, күмәнді затты ашу барысында «скотчпен» маталған Nokia смартфоны тәркіленді.

Анықталғандай, әкімшілік құқықбұзушылыққа барған Тараз қаласының тұрғыны. 40 жастағы ер азамат бұрын сотталмаған.  Қазіргі таңда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 481 бабына сәйкес іс сотқа жолдану үшін құжаттар рәсімделуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.