Қордайлық кәсіпкерлер қайырымдылықпен жарысуда

0 1

Бүгін Қордай ауданның жомарт жанды азаматтары 4 бірдей арнайы өкпеге ауа беру концентратор аппараттарын, аудандық орталық ауруханаға жеткізді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Елді жайлаған коронавирус пандемиясымен күресте қордайлық кәсіпкерлер жан-жақты атсалысуда. Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен қаржылай қолдау көрсетсе, бүгінгідей індет белең алған сәтте аудандық орталық ауруханаға ең қажетті деген медициналық аппараттар алуға демеушілік жасауда.

Осылайша аудан әкімінің бастамасымен қордайлық кәсіпкерлер, аудандық мәслихат депутаттары індетке шалдыққан жерлестерін емдеуге барынша көмек көрсетуде.⠀

Айта кету керек, дәл осындай арнайы өкпеге ауа беру концентратор аппаратын Масанчи ауылдық округінің кәсіпкерлері де бірлесіп аудандық орталық ауруханаға берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.