Өңірде «Жұмыспен қамту жол картасының» инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылады, оның ішінде 9 мыңнан астамы – халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Ағымдағы жылдың 15-ші шілдесіне 826 жоба бойынша жұмыстар басталды. 16455 жұмыс орын құрылды және жұмыс орындарын құру бойынша Сарысу, Талас, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Рысқұлов аудандарында жақсы көрсеткіштер көрсетіліп отыр.
— Осы көрсеткіш бойынша төмені Тараз қаласында (46,3 пайыз). Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 8462 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру көрсеткішінің үлкен үлесі Талас, Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Шу аудандарында. Осы көрсеткіш бойынша Жуалы (59,9 пайыз), Тараз (70,7 пайыз), — деді «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Олжас Елебекұлы.
Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы және «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жыл басынан 30745 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Есепті мерзімде «Еңбек» бағдарламасы аясында 18772 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 6272-і тұрақты жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша ауыл мен қалада барлығы 5,4 млрд.теңгенің шағын несиесі 1326 адамға беру жоспарланған. Есепті кезеңге 516 адамға 1967,1 млн.теңгенің несиесі берілді. Сонымен қатар, 3346 адамға грант беруге 1773,8 млн.теңге қаралып, есепті мерзімде 1558 адам 850,8 млн.теңгенің грантын алды.
Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 1438 адам жолданды. Жастар практикасына 9701 түлек және ақылы қоғамдық жұмысқа 9701 адам жолданды.
Облыс бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ағымдағы жылдың 15-ші шілдесіне жоспарланған 21062 жұмыс орындарынан, 22961 жұмыс орын құрылды, оның ішінде «Нұрлы жол»- 42, «Өңірлерде дамыту»- 1006, «Нұрлы жер»- 118, Жұмыспен қамту жол картасы- 15957, «Еңбек»-5125, Аумақтарды дамыту бағдарламасы- 215.
Облыс бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ағымдағы жылдың 15-ші шілдесіне 22961 жұмыс орын құрылды. Оның ішінде құрылған жұмыс орындарынан 15293-і тұрақты, 7668— уақытша.