Мойынқұм ауданында Абайдың 175 жылдығына орай әдеби кеш өтті

0 0

Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Қазақ халқы-Абайдың халқы» атты онлайн әдеби кеші өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Кеш барысында мәдениет үйі қызметкерлерінің дайындауымен Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т.б лирикалық әндері орындалып, қара сөздерінен үзінділер оқылды.

Кеш соңында «Абай жол» эпопеясынан көрініс қойылды. Абайдың 175 жылдығына орай ауданда жыл соңына дейін жоспарға сәйкес түрлі шаралар жалғаса бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.