Таласта «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 6 жоба жүзеге асырылуда

0 31

Талас ауданында «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша 182 млн. 100 мың теңгенің 6 жобасы жүзеге асырылуда, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Талас ауданында 2020 жылдың қаңтар-маусым айларына негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6 млрд. 094 млн 500 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 331 млн. теңгеге артық.

Өңірде пайыздық ставканы субсидиялау құралы аясында 98 млн. 600 мың теңгенің 3 жобасы іске асырылып, оң шешім алған. Яғни, «Амира» ЖК 2020 жылдың наурыз айында медициналық орталығына құрал-жабдықтар сатып алу мақсатында 20 млн. теңге және «Луиза» ЖК 2020 жылдың ақпан айында кәсіпкерлік нысанының құрылысы және жөндеу жұмыстарына 38 млн. 600 мың теңге несие алуға «Форте Банк» АҚ арқылы сұраныс беріп, оң шешімін алды. Жоба аясында тұрақты жұмыс орындары ашылған. Сондай-ақ, «Сарсалиев Алтынбек» ЖК ойын-сауық орталығы қызметін кеңейту мақсатында 40 млн. теңге несиеге қол жеткізген.

Сондай-ақ, ауданда 83 млн. 500 мың тенгенің 3 жобасы екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылып  жатыр. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 40 млн тенгенің 1 жобасы іске асырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.