Мойынқұм аудандық бюджетінен коронавируске індетіне 38876,0 мың теңге бөлінген

0 0

Мойынқұм аудандық бюджетінен коронавируске індетіне байланысты дезинфекция жүргізуге жалпы 38876,0 мың теңге бөлінген , — деп хабарлайды  “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Оның ішінде шілде айына 4973,5 мың теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда. Облыстан 9 тн. дезинфекциялық құралдар, 6 тн. антисептиктер тегін алынған.Бүгінгі таңға ауданда ғимараттарда дезинфекциялау жұмыстары күнделікті қарқынды жүргізілуде.

Айта кетейік,  жалпы елімізде коронавируспен күреске тағы 150 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген болатын.

«Үкімет пен өңірлер пандемиямен күресте шұғыл мәселелерді шешу үшін 150 миллиард теңге бөледі. Негізгі міндет — коронавирустың таралуын тоқтату және науқастарды емдеуде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу», — деді Президент.

Бәріміз білетіндей, бұл — коронавируспен күреске бөлінген алғашқы қаржы емес. Бірақ елде індеттің беті қайтқан жоқ. Қайта күн сайын өршіп бара жатқандай. Тәулігіне мыңнан аса адам вирус жұқтырып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.